Қалай жұмыс істейді
- DauysTap ашып, «Мәтіннен дауыс» бөлімін таңдаңыз.
- Мәтінді жазыңыз не көшіріп қойыңыз, дауысты таңдаңыз.
- «Дауыстау» батырмасын басыңыз — бірнеше секундта дайын аудионы тыңдап, MP3 етіп жүктей аласыз.
Тіркелмей-ақ бірнеше рет байқап көруге болады, ал Google арқылы кірсеңіз күнделікті лимит көбейеді.
Табиғи естілу үшін мәтінді дайындаңыз
- Тыныс белгілерін қойыңыз. Үтір — қысқа үзіліс, нүкте — ұзағырақ. Тыныс белгісіз ұзақ сөйлем асығыс естіледі.
- Сөйлемді қысқартыңыз. Құлақпен тыңдағанда 10–15 сөзден аспайтын сөйлем жақсы қабылданады.
- Сандарды тексеріңіз. Күрделі сандарды, күндерді және қысқартуларды («ҚР», «т.б.») сөзбен жазсаңыз, оқылуы дұрысырақ болады.
- Шетел сөздерін аз қолданыңыз не олардың оқылуын тыңдап тексеріңіз.
- Ұзақ мәтінді бөліңіз. Абзац-абзацпен дауыстап, кейін видео редакторында біріктірген ыңғайлы.
Қайда қолдануға болады
- Reels пен TikTok — бейнеге дикторлық мәтін. CapCut-қа MP3 файлды қосып, субтитрмен бірге қойыңыз.
- Сабақ — оқулық мәтінін аудиоға айналдырып, оқушыларға тыңдауға беру.
- Бизнес — дүкендегі хабарландыру, телефондағы автожауап, тұсаукесер.
- Оқу — өз мәтініңізді тыңдап, қатесін есту.
Есте сақтаңыз
Жасанды дауысты нақты адамның атынан, оны алдау үшін қолданбаңыз. Жарнамада не ресми материалда дауыстың синтезделгенін көрсеткен дұрыс.