Мақсатымыз қарапайым: қазақ әріптері кез келген жерде дұрыс шықсын, ал қазақша контент жасау орысша не ағылшынша жасаудан қиын болмасын.
Неге бастадық
Көп қаріпте Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ, Ү, Һ, І әріптері жоқ. Дизайн құралдарында, Instagram-да, слайдтарда бұл әріптер басқа қаріппен шығып, мәтін ала-құла көрінеді. Ал қазақша дауыспен жазу мен мәтінді дауыстау құралдары аз әрі көбіне ақылы. AQSUEK осы олқылықты жабу үшін жасалды.
Құралдар
Қағидаларымыз
Тегін
Негізгі мүмкіндіктер ақысыз. DauysTap-та қызмет бәріне жетуі үшін күнделікті лимит бар.
Браузерде
Ештеңе орнатпайсыз. Телефонда да, компьютерде де ашылады.
Деректер сіздікі
Мәтін тарихы өз браузеріңізде сақталады. Аудио мен видео серверде қалмайды. Құпиялық саясаты
Лицензияға адалдық
Қаріптердің авторлық құқығы иелерінде. Әр қаріптің лицензиясы көрсетілген.
Байланыс
Ұсыныс, қате не серіктестік туралы жазыңыз. Каталогқа қосу керек қазақша қаріп білсеңіз, оны да жіберіңіз.
ekunat00@gmail.com