Кім жинайды
aqsuek.kz сайты мен оның құралдарын (Qarip, Таңба, DauysTap) AQSUEK жобасы жүргізеді. Сұрақтар болса: ekunat00@gmail.com.
Тіркелмей қолдану
DauysTap-ты кірмей-ақ күніне бірнеше рет байқап көруге болады. Лимитті санау үшін IP мекенжайыңыздан жасалған бір тәуліктік шифрланған белгі (хэш) ғана сақталады — IP мекенжайдың өзі сақталмайды.
Google арқылы кіру
Көбірек қолдану үшін Google аккаунтымен кіресіз. Біз Google-дан тек мыналарды аламыз:
- атыңыз бен email мекенжайыңыз;
- Google аккаунтыңыздың ішкі нөмірі (ID).
Бұл деректер тек сізді тану және күнделікті лимитті санау үшін керек. Құпиясөзіңізді, контактілеріңізді не басқа Google деректеріңізді алмаймыз.
Дауыс, мәтін және видео
- Сөйлегеніңіз, жазған мәтініңіз және видеодан бөлінген дыбыс тану не дауыс жасау үшін сөйлеуді өңдейтін қызметке жіберіледі де, нәтиже сізге қайтарылады.
- Біз аудионы, видеоны не мәтінді өз серверімізде сақтамаймыз.
- Видео файлдың өзі құрылғыңыздан шықпайды — одан тек дыбыс бөлініп жіберіледі.
- Мәтін тарихы тек өз браузеріңізде сақталады, оны «Тарих» бөлімінен өшіре аласыз.
Біз сақтайтын деректер
Email, аты, алғаш және соңғы кірген уақыт, күн сайынғы қолдану саны. Бұлар Cloudflare серверінде сақталады және ешкімге сатылмайды, жарнамаға пайдаланылмайды.
Сайт статистикасы
Сайтқа қанша адам кіретінін білу үшін Cloudflare Web Analytics қолданамыз. Ол cookie сақтамайды, сізді жеке танымайды және сайттан сайтқа бақыламайды — тек беттердің ашылу санын, елді және құрылғы түрін жалпы түрде көрсетеді.
Деректерді өшіру
Деректеріңізді өшіргіңіз келсе, ekunat00@gmail.com мекенжайына жазыңыз — 7 күн ішінде өшіреміз. Google аккаунтыңыздың баптауынан (Security → Third-party connections) AQSUEK-ке берілген рұқсатты кез келген уақытта алып тастай аласыз.