1. Пернетақтадағы микрофон
Көп пернетақтада микрофон белгішесі бар: оны басып сөйлесеңіз, мәтін бірден жазылады. Бірақ қазақ тілін қолдауы пернетақта мен телефонға байланысты, ал қазақ, орыс сөзі араласқанда қателер көбейеді. Қысқа хабарлама үшін ыңғайлы.
2. DauysTap — браузерде, қазақша-орысша аралас сөзге
DauysTap — aqsuek.kz-тегі тегін құрал. Оны телефонда да, компьютерде де браузерден ашасыз:
- Сөйлеп жазу. Микрофонды басып сөйлейсіз — мәтін сөйлеп жатқанда шығады. Қазақша, орысша және ағылшынша, аралас сөйлесеңіз де таниды.
- Мәтіннен дауыс. Жазылған мәтінді табиғи дауыспен тыңдап, MP3 етіп жүктеуге болады — Reels не подкастқа дауыс керек болғанда.
- Видео → мәтін. Видеоны таңдасаңыз, ішіндегі сөздер мәтінге айналады — субтитр, пост не мақала жазуға ыңғайлы.
- Тарих. Барлық мәтін өз браузеріңізде сақталады, іздеп, көшіре аласыз.
Тіркелмей-ақ күніне 3 рет байқап көруге болады. Google арқылы кірсеңіз — күніне 40 жазу және 50 дауыс тегін.
Анық тану үшін 5 кеңес
- Тыныш жерде сөйлеңіз, телефонды аузыңызға 20–30 см жақын ұстаңыз.
- Асықпай, бірқалыпты сөйлеңіз — сөздерді жұтпаңыз.
- Ұзын мәтінді 1–2 минуттық бөліктерге бөліп жазыңыз.
- Есімдер мен терминдерді анық айтыңыз, соңында бір рет оқып шығыңыз.
- Тыныс белгілерін өзі қояды — «нүкте», «үтір» деп айтудың қажеті жоқ.
Деректер қайда кетеді?
Аудио тек тану үшін жіберіледі де, серверде сақталмайды. Толығырақ — құпиялық саясатында.