Қазақ әріптері бұзылмайтын қаріптер
Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ, Ү, Һ, І әріптерін толық көрсететін 300-ден астам қаріп бір каталогта. Өз мәтініңізді жазып, бірден көріңіз, содан кейін ғана жүктеңіз.
- 300+қаріп
- 5санат
- 9қазақ әрпі тексеріледі
- 0 ₸тіркеусіз

Әдемі қаріп таңдадыңыз — ал «Қ» басқаша шықты
Қазақ тілі → ?азақ тілі
Көп қаріпте қазақ әріптері мүлде салынбаған. Сондықтан тақырыптағы Қ, Ғ, Ң басқа қаріппен шығып, дизайн ала-құла болады не орнында бос төртбұрыш тұрады. Qarip-тегі әр қаріп қазақ әріптеріне тексерілген, ал оны жүктемей тұрып өз мәтініңізбен көре аласыз.
Қаріп іздеуге кететін уақытты қысқартады
Qarip күнделікті жұмысты жеңілдетеді: артық баптау жоқ, тіркелу қажет емес.
Өз мәтініңізбен тексеру
Сөзіңізді бір рет жазасыз — каталогтағы барлық қаріп сол мәтінмен көрсетіледі. Өлшемін де өзгертуге болады.
Қазақ әліпбиіне тексеру
Әр қаріп бетінде тоғыз қазақ әрпі бас және кіші түрде көрсетіледі, жетпейтін таңба бірден байқалады.
Іздеу және санаттар
Атауы бойынша іздеу, сондай-ақ санс-сериф, сериф, дисплей, қолжазба және моно санаттары.
Ұқсас қаріптер
Әр қаріптің жанында стилі жақын нұсқалар тұрады — салыстырып, ең жарасатынын таңдайсыз.
Ұнағандар
Ұнаған қаріпті жүрекшемен белгілеңіз — тізім браузеріңізде сақталады.
Жүктеу және Stories
Қаріпті компьютерге жүктеңіз не бір батырмамен Таңба Stories редакторында бірден қолданыңыз.
Үш қадам
Бастау үшін нұсқаулық оқудың қажеті жоқ.
Мәтініңізді жазыңыз
Тақырып, логотип не Story мәтінін каталогтың жоғарғы жолына енгізіңіз.
Қаріпті таңдаңыз
Санат бойынша сүзіп, ұнағанын ашып, қазақ әріптерін тексеріңіз.
Жүктеп алыңыз
Файлды орнатыңыз не Stories-те бірден қолданыңыз. Лицензиясын тексеруді ұмытпаңыз.
Әр қаріптің өз беті бар
Қаріп бетінде мәтінді еркін өзгертіп, өлшемін жылжытып, қазақ әріптерінің бәрін бір қарағанда көресіз.
- Мәтін мен өлшемді өзгерту
- Қазақ әліпбиін қолдау белгісі
- Санаты, лицензия туралы ескерту және ұқсас қаріптер
- Компьютер мен телефонға орнату нұсқаулығы

Тексерілетін әріптер
Қаріп қазақша мәтінге жарамды болуы үшін мына тоғыз әріптің бас және кіші түрі болуы керек.
Кімге керек
Жиі қойылатын сұрақтар
Qarip тегін бе?
Иә. Каталогты қарау, қаріпті өз мәтінмен тексеру және жүктеу тегін, тіркелудің қажеті жоқ.
Қаріпті коммерциялық жобаға қолдануға бола ма?
Бұл әр қаріптің лицензиясына байланысты. «Ашық лицензия» белгісі бар қаріптерді еркін қолдануға болады. Басқаларын жарнама, логотип не сатылатын өнімге қолданар алдында құқық иесінің шарттарын міндетті түрде тексеріңіз.
Қаріпті қалай орнатамын?
Жүктелген .ttf не .otf файлды ашып, «Орнату» батырмасын басыңыз. Толық нұсқаулық «Мақалалар» бөлімінде бар.
Instagram-да неге басқаша шығады?
Instagram мен TikTok өз қаріптерін қолданады. Қазақша Story үшін мәтінді Таңба Stories редакторында сурет етіп жасаған сенімді.
Каталогқа қаріп ұсынуға бола ма?
Иә, ekunat00@gmail.com мекенжайына жазыңыз.
Мәтініңізге лайық қаріпті табыңыз
300-ден астам қаріп, бәрі қазақ әріптеріне тексерілген. Тіркеусіз, тегін.
Каталогты ашу